“IQ-ALA JASTARY” жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен “IQ-ALA JASTARY” жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау, жастардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Алматы қаласындағы жастарды қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды анықтау болды.
Қоғамдық тыңдалымға «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қаласы жастар ұйымдары, белсенді студенттер және «IQ-ALA JASTARY» жобасының қатысушылары қатысты.
Тыңдалым барысында жоба нәтижелері таныстырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.