05.11.2024
Өңірлік жастар кеңесіне өз кантидатураңды ұсын
«Жастар кеңесіне адамдар ұсыну» іс-шарасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Мақсаты ауыл-аймақтардағы жас таланттар мен дарындарды анықтап, жастар кеңесі, жастармәслихаты секілді мемлекеттік ұйымдарға жұмыс жасауға ұсыну және әр аймақ арасында социумнан шыққан жастар лидерлерін қалыптастыру. Әлеуеті жоғары жастардың пулы жасақтау.
ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ
- Іріктеуге 18-35 жас аралығындағы ҚР азаматтары қатыса алады.
- Өтінім берушілер арасынан үздік деп танылған 20 жас анықталады және олар аймақтық жастар кеңесіне ұсынылатын болады.
- Байқауға өтінімдерді жеке тұлға өз атынан немесе белгілі бір тұлғаны үшінші тарап бере алады. Яғни, кез келген жеке тұлға немесе ұйым (мектеп, колледж, университет және т.б.) еліміздің өңірлік жастар кеңесінде болуы тиіс деп таныған азаматтарды байқауға қатысуға ұсына алады.
- Байқауға қатысу үшін бекітілген мерзімнен кешіктірмей zhastarmen.birge@gmail.com электронды почтасына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- 1 қосымшада ұсынылған үлгі бойынша толтырылған өтінім;
- Үміткер жайлы жазылған 500 сөзден (14 қаріп, Times New Roman) артық емес өмірбаян немесе түйіндеме;
- Өмірбаяндағы немесе түйіндемедегі жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.);
- Қатысушының сапалы фото-суреттері (бір электронды папкада жинақталуы қажет);
- Ұсыныс хат (бар болған жағдайда)
5. Сұралған құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтінім байқауға қабылданбайды.
Өтінімдер zhastarmen.birge@gmail.com электронды поштасына 2024 жылғы 12 қараша күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін қабылданады.