Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында не айтылды?
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында не айтылды?
〽️“Бүгінде Үкіметтің өкілеттігі айтарлықтай кеңейді. Қазір Үкіметтің өнімді жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктері жеткілікті. Дербестікке және қосымша өкілеттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қалағанын алды. Бірақ «алмақтың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та күшейді”.
〽️“Ескі жүйе келмеске кетті. Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болды деп сеніммен айта аламыз. Мұның еліміз үшін айрықша маңызы бар. Себебі ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді”.
〽️”Қаңтар оқиғасынан кейін бәзбіреулер «енді билік қылбұрауды қатайтып, режімді сақтап қалу үшін барын салады» деп қауіптенді. Бірақ біз керісінше жасадық. Күрделі болса да, дұрыс жолды таңдадық”.