ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қосымша қабылдау басталды
Академия модульдік оқыту қағидаты бойынша қабылдау жүргізетінін хабарлайды. Сіздерге оқу мен жұмысты қатар алып жүруге жақсы мүмкіндік бар.
Биыл модульдік оқытуға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор өкілдері, мәслихат депутаттары ақылы негізде түсе алады. Бұл сіздер үшін кәсіби өсу мен дамуға арналған бірегей мүмкіндік!
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 қарашадан бастап «EMPA – Мемлекеттік басқару» және «MRD – Өңірлік даму» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. EMPA бағдарламасы бойынша басшылық қызметте кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі, ал MRD бағдарламасы үшін жалпы жұмыс өтілі кемінде екі жыл болуы керек. Оқу мерзімі – 12 ай, 6 академиялық модульді қамтиды.
Оқу форматы офлайн және онлайн форматта, кешкі уақытта және демалыс күндері өтеді.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1-30 қараша аралығында онлайн жүзеге асырылады.
Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңыз болса, мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: