«Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы қосылады.
1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама қосылады.
Шарттары қандай
Елде жаңа «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы қосылады.
”Отау” бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.
”Отау” бағдарламасына кімдер қатыса алады?
1. Отбасы банка салымшылары («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады;
2. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;
3. Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс;
4. Қатысушы жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда);
5. Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек;
6. Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда аталмыш қалаларда тұрақты тіркеу болуы қажет.
”Отау” бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жыл сайын заемдардың жартысынан астамы 35 жасқа дейінгі қазақстандықтарға кредит беруге бөлінетінін білдіреді. Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағыттайтын боламыз. Бұл ақша Отбасы банктің өз қаражаты есебінен бөлінетін болады, сондай-ақ қазақстандық қаржы нарығынан да қарыз алып, қаражат тартуды жоспарлап отырмыз. «Отау» бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз, - деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, сайты otbasybank.kz қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері үшін - әрбір 1 000 теңгеге 5 баллов;
- салым мерзімі үшін - салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
- тіркелген неке үшін - 10 балл;
– балалардың болуы үшін – санына қарамастан 50 балл.