РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен 25 қазан - Республика күніне орай «40 ой мен той» жобасы аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталықтары» КММ-нің бірігіп ұйымдастыруымен жастар арасында облыстық спартакиада өтті
Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады.
Іс-шараның ашылу салатанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Пернебайұлы қатысты.
Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.
Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!