«Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды
19.11.2024

«Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖҚ, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен IQ-ALA jastary жоба аясында қатысушылар үшін «Тұлға эволюциясы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

 


Семинардың басты мақсаты - жастардың тұлғалық дамуына ықпал ету, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, және олардың заманауи қоғамдағы белсенділігін арттыру болды. Іс-шараға әртүрлі салада білім алып жатқан студенттер мен жас мамандар қатысып, өздерінің болашағына қажетті құнды ақпараттар алды.

 


Семинар барысында келесі тақырыптар қамтылды:
•Тұлға эволюциясының негізгі кезеңдері мен қағидалары;
•Жеке дамудың құпиялары: мақсат қою, мотивацияны арттыру және қиындықтарды жеңу;
•Уақытты тиімді басқару және табысты әдеттерді қалыптастыру жолдары;
•Көшбасшылық қасиеттерді дамыту және топпен жұмыс істеу дағдылары;
Семинар интерактивті форматта өтіп, жастар арасында пікірталас пен пікір алмасуға мүмкіндік туды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: