Алматы қаласы бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қоры жариялаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты байқауына өтінімдер қабылдау мерзімі 2023 жылғы 19 қазан күні сағат 18:00-ге дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
2023 жылы Алматы қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 1 млн. теңгеден 13 грант берілетін болады.
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылғы 2023 жылғы 19 қазан күні сағат 18:00-ге дейін электрондық нұсқада almaty.granty@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс нөмірі: 8 700-099-60-16 (WhatsApp: 8 701-471-70-96)
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
- 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
- 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
- жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
- PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).