Ж. Тәшенев университеті талапкерлерге 150 грант бөлді
Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «ТӘШЕНЕВ ТАРТУЫ» білім гранты тағайындалады.
Негізгі ТАЛАПТАР:
✅ ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.
✅ Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;
✅ Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.
✅ Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер;
Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.
Ескерту: Егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.