ЖАСТАР АРАСЫНДА «МЕРГЕНДЕР» ЖАРЫСЫ ӨТТІ
22.10.2024

ЖАСТАР АРАСЫНДА «МЕРГЕНДЕР» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен 25 қазан - Республика күніне орай «40 күн той мен ой» жобасы аясында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында «Мергендер» жарысы өтті. 

 

Жастар арасында мергендік өнерді насихаттау, ұлттық спортты дамыту және жастардың белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырлған шараға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары және Түркістан қаласының жастары қатысты.

 

Сайыс барысында әр қатысушы өз ептілігі мен шеберлігін сынап, кіл мықтыларды анықтады. Жарыс қызықты да тартысты өтті. Қатысушылар нысаналарды көздеп, садақ ату кезінде өздерінің дәлдігін, жылдамдығын, тактикалық ойлау қабілетін паш етті.

 

Ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы жастардың бойында патриотизм сезімін оятуды көздеген сайыс жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:
I орын - Түркістан облысы
II орын - «Бекер шыққандар» командасы
III орын - Сауран ауданы

 

Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: