Жетісу облысында әкім кубогының жеңімпаздары анықталды
09.08.2024

Жетісу облысында әкім кубогының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Халықаралық жастар күніне орай Жетісу облысы әкімінің кубогі үшін республикалық Jaidarman ойыны өтті. Талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған Жайдарман жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, олардың дамуына ықпал ететін институт. Шараға Жетісуоблысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

 

Шара Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен өтті.

 

Ойында еліміздің түкпір-түкпірінен келгенреспубликамызға танымал 11 үздік командабақ сынасты. Олар: Шатыр (Семей), Ақбұлақ (Түркістан облысы), ОЮ (Тараз), Атлант SU (Алматы), Медиум (Тараз), Краш (Астана), Талдықорған құрамасы (Талдықорған), Қыздар-Ай (Талдықорған), Төле би (Шымкент), Жуалы (Тараз), Рудный (Қостанай облысы).

 

Әкім кубогін «Қазақстан КВН Одағының» Президенті – Есентүгел Елеукен Баймұханбетұлы жүргізді. 
 

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: журналист, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті Нұрсұлтан Құрман, блогер, әнші, актриса Сабина Мовлаева, Panasonic Electric Works компаниясының ТМД елдері бойынша сату бөлімінің басшысы Думан Туребаев, актер Рамис Кулахметов, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов болды.

 

Төрешілердің шешіміне сәйкес, бар жанарды жаулаған жайдарман ойындарының нәтижесі: 1 орынды «Төлеби» командасы жеңіп алды. Оларға   әкім кубогы мен 1 000 000 теңгелік қаржылай сертификат табысталды. 2 орынды «Атлант SU» командасы, ал 3 орынды «Ақбұлақ» командасы иеленді. Ерекше ойын көрсеткен Мейіржан Алихан - «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға  ақшалай сыйлық табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: