Жетісу облысында «НаркоStop» жобасы бастау алды
25.08.2023

Жетісу облысында «НаркоStop» жобасы бастау алды

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «NarcoSTOP» жобасы бастау алды.

 

Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің ағзаға тигізетін зияны туралы білімдерін тереңдетету, жастар арасында нашақорлық пен ЖИТС-тің таралу себептері мен олардың алдын алу факторларын анықтау.

 

Жоба жетекшісі Жұлдыз Әбілсейітқызы: «NarcoSTOP» жоба аясында Жетісу облысының жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы мамандармен семинар-тренингтер өткізу, қаладағы қабырғалардағы есірткі орындарының мекен-жайы көрсетілген граффити жазуларын бояу, сонымен қатар, Жетісу облысы жастары арасында жүлдеқоры 1 000 000 теңге болатын «Денсаулық сақта» бейнероликтер байқауы және 300 000 теңгеден 10 шағын грант тағайындау жоспарлануда.»  - деп, жобаның жоспарымен бөлісті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: