ЖОО-НАН ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА ГРАНТТЫ ӨТЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?
25.11.2023

ЖОО-НАН ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА ГРАНТТЫ ӨТЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?

ЖОО-НАН ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА ГРАНТТЫ ӨТЕУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Өздеріңіз білетіндей, грант түлектері үш жылдық жұмыс жүргізуге немесе ЖОО-да жас маманды оқытуға жұмсалған ақшаны қайтаруға міндетті.
Грантта толық оқымағандар және оқудан шығарылғандар не істеуі керек? Мысалы, студент грантқа түсіп, 2023 жылдың қыркүйегі бастап оқи бастады, бірақ 2 айдан кейін студент осы мамандықтан бас тартуға шешім қабылдады:

1. Содан кейін ол сол 2023 жылы немесе сол оқу жылында басқа (ақылы) мамандыққа шығарылады және қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда студент университетті бітіргеннен кейін пропорционалды түрде жұмыс істейді. Яғни, грантта қанша оқыды сонша жұмыс істейді;
2. Егер студент келесі оқу жылында (2024 жылдың қыркүйегинде) оқуға түссе, онда жұмыспен өтеу да мөлшерлес болып қалады.

❗Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен өтеу ұзақтығы-үш жыл. Егер қандай да бір себептермен түлек гранттты өтегісі келмесе немесе жұмыс істей алмаса, онда ол ақшаны мемлекетке қайтаруы керек.

☎️ Грантты жұмыспен өтеу бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз келесі нөмірлерге жүгіне аласыз:
8 (7172) 695-037, 695-047, 695-057, 695-056, 695-032.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: