Рухани керуен

Демеушілік және меценаттық нысандарын пайдалана отырып, әртүрлі ұйымдардың білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық тәртіп мекемелерінің күш-жігерін, материалдық құралдарын біріктіруге қол жеткізу үшін «Рухани керуен» шарасы жүзеге асырылады.

 

«Рухани керуен» кезінде Сырымбек Тау, Ардақ Назаров секілді жастар арасында танымал тұлғалармен ауылды жерлерде танымдық кездесулер ұйымдастырылып, жастар мен жасөспірімдер арасында танымал тұлғалардың еңбек жолы мен лидерлік қабілеттері насихатталады.

 

Аталған шараның мақсаты - біздің елімізде болып жатқан заманауи өзгерістерге қатысуды түсінуге жастардың назарын аудару, мақсатты және адамгершілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру.

 

«Рухани керуен» іс-шарасы 2023 жылғы ұйымдастырылған «Face to face» форматындағы кездесулердің жалғасы болып табылады.

 

Былтырғы жылғы аталған шараға қатысушыларды тарту түрде онлайн кеңес беру форматында жастарға жастар саясаты жөнінде ақпарат беру бойынша орталықтар өз жұмысын 2024 жылы жалғастыратын болады.

Рухани керуен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: