ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНА 10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2024–2025 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:
- бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын;
- магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.
Оқу әзірбайжан немесе ағылшын тілдерінде.
Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар Студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы - 6 айдан бір жылға дейін, ол жоғары оқу орны тарапынан анықталады.
Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кемінде дегенде:
- «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40;
- «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет.
Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.
Грант келесі шығындарды өтейді:
• тегін оқу;
• ай сайынғы стипендия;
• медициналық сақтандыру.
Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.
Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы – eGov.kzарқылы онлайн режимінде немесе сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға(2024 ж. 19 шілдеден 29 шілдеге дейін) дейін Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қабылданады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға ұсыну үшін құжаттар тізімі:
- № 2 қосымшаға (Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы ) сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжатының көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері талап етіледі).
- Білім туралы құжаты
- бар болған жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша). Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
- салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, ағылшын тілінде оқыған жағдайда ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат (IELTS – 5.5, TOEFL – 46 кем емес) немесе алдыңғы оқыту деңгейінде осы тілде оқығанын растайтын диплом/транскрипт. Қабылдаушы тарап жағынан тілді білу бойынша неғұрлым жоғары талаптар болған жағдайда, қабылдаушы тараптың талаптары қолданылады.
- таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
- шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін).
- Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрық) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар - төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
- ауылдық елдімекеннен шыққан балалар – Әкімші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және деректер қорынан алған ауылдық елдімекеннен келген үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер.
- нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары шақыруының көшірмесі (бар болған жағдайда);
- құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда-конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.
*«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Осыған байланысты шетелдік ЖОО шақыруының көшірмесін мемлекеттік тілге аудару қажет.
ОРЫС НЕМЕСЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ
- №2 қосымшаға (Әзірбайжан үшін өтінім нысаны ) сәйкес нысан бойынша оң жақ жоғарғы бұрышында бекітілген фотосуреті бар, баспа әріптерімен толтырылған орыс немесе әзербайжан тіліндегі сауалнама (өтініш беруші басып шығарған және қол қойған);
- Паспорттың анық сканерленген көшірмесі;
- Оқуға түсуге негіз болатын білімі туралы құжаттың көшірмесі және оғанқосымша.
- Жалпы денсаулық жағдайы туралы анықтама (АИТВ/ЖИТС, В және С гепатитіне талдауларды қоса алғанда);
- CV немесе Түйіндеме;
- Уәждемелік хат;
- Ағылшын тілінде білім алған жағдайда, қолданыстағы сертифика(бакалавриат үшін IELTS-5.0, магистратура үшін – 5.5; бакалавриат үшін TOEFL - 40, магистратура үшін - 50);
Құжатарды тапсыру бойынша жадынама
Әзірбайжан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге арналған сауалнама